«Мотоцикл аударылды»: Баланы ойнатамын деген ер адам баладан айырылып қалды

cover Фото: Envanto

Солтүстік Қазақстанда 56 жастағы ер адам төрт дөңгелекті мотоциклмен 4 жасар баланың аулада көңілін көтермек болған. Алайда бұның арты қайғылы оқиғаға ұласты, деп хабарлайды Orda.kz.

«19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында 56 жастағы ер адам өз ауласында төрт дөңгелекті мотоциклмен, төрт жасар баланы мінгізіп алып жүрген. Ер адам тізгінге ие бола алмай, салдарынан төрт дөңгелекті мотоцикл аударылып, бала мерт болды»,  деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттарынан көз жұмды. Жүргізуші де ауруханаға жатқызылды.

«Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі – «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар