«Молодежный» ауыл әкімі аппаратының есепшісі сотталды

cover фото: gov.kz

«Молодежный» ауылы әкімдігі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын жалақыны өзіне негізсіз есептеген.

Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлайды.

Алаяқтық фактісі бойынша «Осакаров» ауданының прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді. "Осакаров" аудандық сот үкімімен «Молодежный» ауылының әкімдігі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылды.

Есепшіге 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар