Мола басына құлпытас жасаймын деп 20 млн теңге жымқырды

cover Фото: Polisia.kz

Қарағандыда зират басына құлпытас жасау қызметін ұсынған 35 жастағы қала тұрғын 90 адамды алдап, 20 млн теңге жымқырған деп хабарлайды Orda.kz.

Polisia.kz  мәліметінше, ер адам бейіт басына ескерткіштер жасау қызметін жарнамалап, тапсырыс берушілерден алдын ала төлем ретінде  50 мың теңгеден алып, аяғында міндетін соңына дейін жеткізбей алаяқтықпен айналысқан. 

Жәбірленушілер шебермен байланысқа шығуға тырысқан, бірақ ол қоңырауға жауап бермей қойған. Тергеушілер 90-нан астам арызды бір іс ретінде біріктірді. Жалпы шығын шамамен 20 миллион теңге болды. Ер адамның Алматыға қашып кеткенін анықтап, Қарағанды облысының құқық қорғау органдары Алматыдағы анықталған мекен-жайлардың бірінен күдіктіні құрықтады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар