«Қызылорда аруы» Гүлнұр Нұртаза елді бір дүрліктіріп алды

cover

Әлеуметтік желілерде «Қазақстан аруы-2019» және «Қызылорда аруы-2017» сұлулық байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды. Ол 26 сәуірде жоғалып кетіп, үлкен шу тудырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілердегі топтарда қыздың Алматыда барахолка аймағында жоғалып кеткені, оның сұр куртка кигені, жанында қызғылт рюкзак болғандығы туралы хабарланды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Гүлнұр Нұртазаны іздеу жұмыстары жүргізілгенін растады. Бірақ бойжеткен табылған.

– Алматы қалалық полиция басқармасы жоғалған адамның құрбысының мәлімдемесі кеше түнде Алатау ауданының полиция бөліміне келіп түскенін хабарлады. Анықталғандай, бойжеткен бір күн бұрын ешкімге ескертусіз Тараз қаласына кеткен. Ол байланысқа шықты, - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар