Министрліктегі кездесу: Қорланған, зорланған жетімдердің құқығын кім қорғайды?
Фото: Orda.kz
Orda.kz тілшісі әділет министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оспанова Насымжан, бас сарапшы Мақсат Қасымалыұлы және бас сарапшы Мақұлбекова Ақмарал, Жоғарғы сот судьясы Қайыпжан Нұржан, сот қазылар алқасының төрағасы, психолог Еліқұлова Маржан, адвокат Жанар Дулатова сияқты мамандармен және зардап шеккен балалардың қамқоршыларымен кездесті.
Бұл кездесуде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да болуы керек еді, бірақ қатыса алмады. Дегенмен Оспанова Насымжан тағы да кездесу ұйымдастырып беремін деп уәде етті. Кездесу барысында мынандай мәселелер қозғалды:
- Салтанат Сапар: 5 жетім баланы коқыс теріп жүрген жерінен асырап алған патронаттық анаға қылмыстық іс қозғалды.
- Қосай Шынар: Ақтөбеде туған әкесі егіз баласын екі жарым жасынан зорлап, істі болмаған әке.
- Байлар Кәусар: Ақши ауданынада өгей әкесі 8 жастағы қызын зорлап, 12 айдан кейін бостандыққа шықты.
Кездесу барысында талқыланған мәселе тергеудің қайта-қайта жабылып, дәлелдерді көзге ілмеген прокурорлардың әрекетсіздігінен балалардың құқығы тапталғандықтан қамқоршылары осы жерге келіп отыр. Сонымен қатар, 7 баланы асырап алған патронаттық ана Салтанаттың ісі бойынша, яғни сот процесінде судьяның мәдениетсіздігі, бір тарапты ұстанып, өтініштерін қабылдамағаны үшін Жоғарғы сот жүйесінің төрағасы Қайыпжан Нұржан Үсіпханның қабылдауында болдық.
Жоғарғы сот жүйесінің төрағасына барған себебіміз: патронаттық ана Салтанат Сапар өзінің асырап отырған балаларын тартып алып қана қоймай, оның үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Салтанат жас күнінен қарттар үйіне және балалар үйіне волонтерлық қызмет атқарады. Салтанат 9 айлық және бір жарым жасар апалы сіңілі екі қызды өзінің қамқорлығына алады. Салтанаттың бұл жақсылығын пайдаланып, білім бөлімінің басшысы қоқыстан тамақ теріп жүрген қазақтың жетім қалған 5 ағайынды баласын қарай тұр деп әкеліп тастайды.

2 айдан кейін балаларды жетімдер үйіне алып кетеді. Бауыр басқан Салтанат араға бір жыл салып 5 баланы асырап алады, бес баланың кенжесі церебральды сал ауруы (ДЦП)және асқазанынан мүгедектігі бар бала еді. Мүгедек баланы Салтанат аяғынан тұрғызып емдеп алады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Салтанатқа іс қозғайды. Сол жүріп жатқан сот процесінде Салтанат судья Қарлығаш Жапсарбаева мен Наталия Ханның үстінен шағым түсіріп барды. Сонымен қатар неге аудан көлемінде сұрақтарымызды, проблемамызды шеше алмаймыз деген сұрақпен келді.
«Істің дұрыс және бұрыс қаралуына Жоғарғы сот жауапты. Судьяларға қысым көрсетілмеуі керек. Касациялық сот ісіне шағым түсіріңіздер. Сіздерге бұл сұрақпен Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріповке бару керек. Біз шара қолдануымыз үшін комиссияның қорытындысы қажет. Біз осы судьялардың ісі бойынша айына бір рет жиналыс өткіземіз, егер осы судьяларға қатысты алдымызға шағым түсіп жатса, біз сіздердің де шағымдарыңызды қарастырамыз. Арыз беріп, талап қою керек», - деп жауап берді Жоғарғы сот жүйесінің төрағасы Қайыпжан Нұржан.
Қабылдау барысында азаматтар сот актілерімен және жергілікті сот судьяларының іс жүргізу әрекеттерімен келіспеу туралы, сот практикасының біркелкілігі мәселелері туралы, сондай-ақ судьялардың судьялық әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны туралы мәселелер көтерді.
Сот жүйесінің төрағасы өз құзыреті шегінде азаматтардың мәселелері бойынша, оның ішінде тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау және судьялық әдеп жөніндегі комиссиялардың тексерулер жүргізу тәртібі бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді.
Осы кездесуден кейін, аталмыш делегация «Intellect7G» РҚБ президенті Еліқұлова Маржанның сұранысымен, Әділет министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитетінің құзыретіне қарасты, ендігі жетім балалардың тағдырымен қатар жыныстық тиіспеушілік, зорлық - зомбылықтан зардап шеккен жасөспірімдердің де мәселелерін талқылау мақсатында қорғауына жүгінді.
Қабылдау, 20.01.2024 жылы, сағат 16:00 де, Комитет төрағасы Оспанова Насымжанның ұйымдастыруымен аталмыш комитеттің бас сарапшылары Мақсат Қасымалыұлы, Ақмарал Мақұлбековамен берлесіп, жетім балалардың заңды өкілі патронаттық ана Сапар Салтанат, оның адвокаты Дулатова Жанар, зардап шеккен жасөспірімдердің заңды өкілдері Қосай Шынар, Бекбаулиева Салиха мен эксперт психолог Еліқұлова Маржан және онлайн режимде олардың адвокаттары Берсімбаев Ратжан, Сырым Ахметтің қатысуымен өтті.
Алғашқы сөзді егіздердің анасы Қосай Шынар бастады. Егіздерді туған әкелері бір жыл көлемінде зорлап келген.
«Алдыларыңызға келген себебім 2023 жылы күйеуімнің үстінен екі егіз баламды зорлады деп шағым түсірген болатынмын. Бірақ осы уақытқа дейін екі рет жабылған іс сотқа жетер емес. Қайда барсам да менің жолымды жауап тастайды. Ол адамның әпкесі судья. Менің қолым қысқа сіздердің көмектеріңізбен осы балаларымды қорлаған адамды түрмеге жапқызғым келеді», - деп көз жасына ие бола алмады Шынар.
Бас сарапшы Мақсат Қасымалыұлы Шынардың қолындағы қағаздармен танысып дәлделдердің жеткілікті екенін айтып, күдіктінің әлі күнге дейін қамалмағанына таңғалды.
«Сіздің ісіңізді жеке бақылауымызға аламыз, сіз сабырға келіп, балаларға дұрыстап қараңыз», - деп сабырға шақырдыНасымжан Жәнібекқызы.
Келесі оқиға бойынша Orda.kz редакциясының жазғанын естеріңізге салар болсақ. Алматы облысының Ақши ауылында 10 жасар қызына екі жыл бойы зорлық көрсетті деп айыпталған өгей әкесі 12 айдан кейін тергеу изоляторынан шықты. Оқиға сол кезде айқай-шу тудырған болатын, сол себепті оның аты-ақ сарапшылар оны танып отыр. Кәусардың әжесі оқиғаны баяндай алмағандықтан, психолог Еліқұлова Маржан егжей тегжейлі айтып берді.
Кездесу аяғында жалпы отырыстың қорытындысы ретінде біздің тілшіміз Нәсіпжан Жәнібекқызы мен сарапшыларға «Жетімдер үйіндегі балалардың денсаулығына қаншалықты көңіл бөлесіздер және жетімдер үйіндегі балалардың ерте жастан жыныстық қатынасқы түсуі туралы не айтасыздар?» деген сұрақ қойды.
Сонымен қатар қатты қорқып қалғандықтан, ересек балалар да кіші дәретін ұстай алмайды екен. Тіпті түрлі инфекциямен келгендері де болыпты.
«Балалар үйінде жылына бір рет толық тексеріс өтіп тұрады», - деп жауап берді Насымжан Жәнібекқызы бұл сұраққа.
Екінші сұрағыма бас сарапшы Мақсат Қасымалыұлы ашулана жауап берді.
«Жетімдер үйіне балалар бәленің бәрін біліп келеді. Қыздарды сол жетімдер үйінде зорланды деп айта алмайсыз. Себебі түрлі тағдырға тап болған балалар келеді», - деді Мақсат Қасымалыұлы.
Кездесу барысында патронаттық үй, ондағы жетім балалар, әрбір құзіретті ұйымдардың қолында, жетімнің тәлкекке ұшыраған тағдыры, олардың құқығы турал сөз қозғадық. Туған әкесі «педофил» болып, жәбір көрсетіп, зорланған сәбилер мен бұғанағы қатпаған өрімтал қыздың тағдыры және бірталай өзекті мәселелер қарастырылды. Бұл делегацияның мемлекеттік құзырлы органдарда қызмет атқарып жүрген мамандарға бұйымтайы, балалар құқығының табанға тапталмауын сұрайды.
Алдағы уақытта осы оқиғалардың барлығына жеке-жеке тоқталып, аталған істерді назарда ұстайтын боламыз.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды