Министр журналистерге Бишімбаевтың сот отырысына қатысуға көмектесетінін айтты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына қатыса алмаған журналистерді қолдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Мәдениет және ақпарат министрі басқарманың журналистерді кіргізбей қойғанына қарсы екенін, баспасөзде оқиғаларды объективті түрде жарияланатын ақпаратқа қол жеткізуді қолдайтынын айтты.

«Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне арналған орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады» деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сондай-ақ "БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға" шақырды.

Еске сала кетейік, күні кеше Қуандық Бишімбаевтың сот ісіне журналистерді кіргізбей қойған. Елордалық журналистер Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полицияға арыз жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар