Министр ауыл кітапханаларына кітап сыйлауға шақырды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әріптестерін «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ол Facebook желісінде жазба жариялады.
«Өздеріңіз білесіздер, президент Ұлттық Құрылтай отырысында: «Шын мәнінде, кітап оқитын халық қана нағыз зиялы бола алады. Біз өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуымыз керек» деп кітап мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Осыған орай біз «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын бастадық» деп жазды Аида Балаева.
Ол Абай Құнанбайұлының ауылына Қарауылға, Қаныша Сәтбаев туылған Баянауыл ауылына әлем және қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын, танымдық-ақпараттық әдебиеттерді өзі тарту еткенін атап өтті.
Ол бұл акцияны қолдаған Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, бұрынғы әріптесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Батырбекұлы акцияға қатысып, еліміздің бірқатар облыстарындағы ауылдық кітапханаларға 100 кітап сыйға тартқанын жазды.
Оның айтуынша, басқа әріптестер де алдағы уақытта акцияны қолдауға ниет білдірді.
«Осы бастамамен біз шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы үлгідегі туындыларды жеткізіп, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға тырысамыз, акцияға басқа да мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ барлық мүдделі азаматтар қатысады деп үміттенеміз» деп қорытындылады министр.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?