Метро желісінің туннелі құлап, екі жұмысшы жоғалып кетті

cover Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның Кванджмен қаласындағы метро құрылысы кезінде туннель құлап, екі жұмысшы жоғалып кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиға 11 сәуір күні сағат 12:40 шамасында болған. Әуелі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде тірек құрылымдары жарыла бастаған. Кейін жұмысшыларға жұмыстарды тоқтата тұру туралы бұйрық келіп, оларды құтқарушылар сол жерден аман-есен алып шыққан. Алайда жұмысшылар толық шығып үлгермей, туннель құлап кетті. 

Қазір екі жұмысшымен хабарласу мүмкін болмай отыр. Тіпті олардың нақты қай жерде болғаны да белгісіз.

Апат салдарынан жол мен сауда орындары бүлінді. Жоғалған екі адамнан басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Айта кетейік, Оңтүстік Корея халқы 3 маусым күні жаңа президенттерін таңдайды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар