Метро құрылысынан ақша жымқырған 10 адамға үкім шығарылды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты оңтүстік астанадағы метро құрылысынан 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыптаған 10 адамға қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Сот отырысында «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС басшыларының 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейін «Сарыарқа» және «Достық» стансаларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен айналысқаны анықталды.
Соның ішінде жабдықтың құнын 10 есе арттырып, ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғаны дәлелденді. Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам тыйым салынған мүлікті тәркіледі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?