Мемлекет басшысы Ермек Маржықпаевты қабылдады

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға.

Ермек Маржықпаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, отандық спортшылардың лицензиялық жарыстарға қатысу қорытындылары туралы хабардар етті:

  • төрт жылдық бас турнирге Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрі бойынша 92 лицензия алды;
  • Парижде ел намысын 80 спортшы қорғайтын болады.

Сонымен қатар, ұлттық команданың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары, спортшыларды қолдау шаралары туралы айтып, спортты басқару институттарын жетілдіру жұмыстары туралы хабарлады.

Президент Олимпиада ойындары спортшыларға үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтіп, Қазақстан құрамасы мәдениеттің, табандылық пен кәсібиліктің үлгісі болуға тиіс екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар