Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Фото: Ақорда
Жеңіс Қасымбек Астананың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде айтып берді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жалпы биыл қалаға инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық.
Атқарылған жұмыстарды атап айтар болсақ, осы жылы 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады. Сондай-ақ, елордада 170 аула мен қоғамдық орын, атап айтқанда саябақтар, гүлзарлар абаттандырылып, 70-ке жуық көше жөнделеді. Ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі үрдісі де айтылды.16 мыңнан астам үлескер-отбасының 15,5 мыңы баспаналы болған. Қалған үлескерлер пәтерлеріне осы жылдың соңына дейін қоныстанады.
Сонымен қатар, биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегін, «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін және 3-ші ЖЭО-ның көмірмен жұмыс істейтін бөлігін іске қосу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке биыл Астанада өтетін ауқымды V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды