Мемлекет ауыл шаруашылығымен айналысқан шаруаларға 300 млрд теңгеден астам қарыз
Фото: gov.kz
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі субсидиялар бойынша жалпы берешек 341,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның 152,2 млрд теңгесі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға тиесілі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Төлемдер бойынша қарыздар барлық өңірлерде дерлік бар, көбінесе - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Жалпы алғанда оларға 173,7 млрд теңге немесе жалпы соманың 51% тиесілі.
Министрлікте атап өткендей, берешек біртіндеп азаюда: жыл басынан бері 148,5 млрд теңге өтелді.
2023 жылдан бастап ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған шығыстар жергілікті бюджеттердің қарауына берілді. 2025 жылға оларда 433,6 млрд теңге қарастырылған, қаражаттың бір бөлігі өткен жылдардың қарыздарын жабуға бағытталады.
Әкімдіктерге қосымша ресурстарды, оның ішінде қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қаражатты қайта бөлу есебінен іздеу ұсынылды.
Республикалық резервтен қосымша қолдау көрсетіліп, 2024 жылы қант қызылшасын субсидиялауға 10 млрд теңге, 2025 жылы - 57,8 млрд теңге, оның ішінде тыңайтқыштарға 48,4 млрд теңге және қызылша өсірушілерді қолдауға 9,4 млрд теңге бөлінді.
АШМ мәліметінше, фермерлерге төлемдер жоспарлы режимде жалғасуда. Ведомство өңірлермен бірлесіп қарызды қысқарту және субсидиялау тетігінің ашықтығын арттыру бойынша жұмыс істеуде.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы үлгі шартқа өзгерістер енгізген болатын.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 342 заң бұзушылық анықталып, Т130,7 млн. айыппұл салынды. Залалды өнімді әкелудің 65 әрекеті тоқтатылды, ҚР фитосанитарлық талаптарын бұзу туралы 79 халықаралық нотификация жіберілді.
Былтыр алдын ала берілген тапсырмаларға сәйкес, биыл 254 мың гектар аумақта ауыл шаруашылығы жерлерін игеріліп, алғашқы жарты жылда жоспарланған 2 миллион гектардың 1,5 миллион гектары қайтарылды.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды