Мектептегі қантөгіс: 10 жастағы баланы пышақтап, қасында селфи жасаған оқушы
Фото: Elements.envato.com
Ресейдің Горки-2 елді мекеніндегі мектепте 9-сынып оқушысы 4-сыныпта оқитын баланы өлтіріп, күзетшіні жаралаған. Бұл оқиға елдің жағасын ұстатты. 15 жастағы күдіктіні мұғалімдері қалай сипаттайды? Қаза тапқан оқушы туралы не белгілі?
Orda.kz қайғылы оқиғаның қалай қалай өрбігенін анықтап көрді.
15 жастағы жасөспірім мектепке өзімен бірге пышақ, жартылай әскери жарақ және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат алып келген. Ғимаратқа кіре сала ол бірден дәретханаға өтіп, онда жеті минут болған. Сол жерде пышақты жасыратын кеудеше киіп, басына каска киген. «Коммерсант» басылымының жазуынша, каскада экстремистік символика бейнеленген.
9-сынып оқушысы болған оқиғаның бәрін алдын ала каскасына изолентамен бекітілген бейнекамераға түсірген. Кейін видеожазбаны бірден өзінің Telegram-арнасында жариялаған екен.
Дәретханадан шыққаннан кейін 9-сынып оқушысы мектептің бірінші қабатында шамамен сегіз минут бойы математика пәнінің мұғалімін іздеген. Сол күні ол сабақтарды ауыспалы түрде өткізген. Анықталғандай, жасөспірімнің «математика» мұғалімімен арасы нашар болған, сабаққа қатыспауы, оқу үлгерімінің төмендігі, үнемі оқушы мен ұстаздың арасында жанжал туындауына себепкер болған.
Бір қызығы, дәлізде кездескен ешбір ересек оның басындағы каска мен камераға мән бермеген.
Содан кейін қандықол қылмыс жасаған оқушы дәлізде төртінші сынып оқушылар тобына тап болған, оларды мұғалім бірге алып жүрген. Жасөспірім пышақты шығарып, балаларға жақындап, олардың ұлты қандай екенін сұрай бастаған. Мұғалім балаларды қорғап, олардың алдында тұрған және күзетшіні шақырған. Сол кезде 9-сынып оқушысы күзетшінің бетіне газ сепкен және пышақпен соққы жасап үлгерген.
Көптеген балалар мұғаліммен бірге сыныпқа кіріп, ішінен құлыптап алады. Сол арада бір бала қорыққанынан баспалдақ арқылы екінші қабатқа қарай қашып кеткен. 9-сынып оқушысы оны қуып жетіп, бірнеше пышақ жарақатын салды. Ең сұмдығы одан кейін ол көз жұмған оқушыны көрсетіп селфи жасаған.
Кейін тергеу кезінде мұғалім баланың баспалдаққа қалай жүгіргенін байқамағанын айтып, болған жағдай үшін өзін кінәлі сезінетінін жеткізді.
Mash мәліметінше, мектептен алғашқы дабыл белгілері сағат 9:30-да түскен. Алғашқы болып ғимараттың алдында ата-аналар жиналған, олар болып жатқан жағдайды мектеп ішіндегі чаттан білген. Алайда полиция ешкімді ішке кіргізбеді. Мұғалімдер бірінші қабаттағы сынып терезелерінен кей балаларды эвакуациялай алды. Қандықол қылмыскер бір бөлмеде жасырынып отырған, сағат 10:15-те берілуге шешім қабылдап, оны сыртқа шығарып, алып кетті.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс «адам өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» деректері бойынша қозғалды. Ұлға кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады. Сыныптастары қылмыс жасаған жасөспірімнің қанды оқиғаның алдында өздерінің «Мой гнев» («Менің ашуым») деп аталған 11 беттен тұратын манифесін жібергенін айтты. Олар оны оқымаған. Соңғы уақытта осындай тақырыпта бірнеше жазба жариялаған соң аса мән де бермепті. Сонымен қатар, сыныптастары жалпы оны тыныш және үлгілі оқушы ретінде сипаттаған, алайда оның жиі нацистер туралы әзілдейтінін де жеткізді.
Mash тарих пәнінің мұғалімінен алған сұхбатты жариялады. Онда мұғалімнің айтуынша, екінші тоқсаннан бастап жасөспірім сабаққа көп қатыспай кеткен. Үлгерімі нашарлап кеткен.
Ал қандықол жасөспірімнің қолынан қаза тапқан бала небәрі 10 жаста болатын. Ол мектептегі тазалықшы қызметіндегі кісінің ұлы болып шықты. Қайтыс болған баланы егіз сыңары бар екен. Ол да сол сыныпта оқиды. Баласының қайтыс болғаны жайлы қаралы хабарды анасы сыртта күтіп тұрған сәтте естіпті.
Жаңалықтар
- Тоқаев қорғаныс министрі орынбасарларымен кездесті
- Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырды
- Қоспаев ҰҚТ мүшелері базар жерін саудалаған алаяқтығы үшін сотталды
- Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды
- Әзірбайжанда мектеп оқушысы мұғаліміне оқ атты
- «Asar Baspana» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
- ҰҚК сегіз өңірде ұстау операциясын жүргізді
- Басын су толы шелекке батыратын: Өгей әкеден қорлық көрген қыздар туған әкелерінің қарауына берілді
- Атырауда оқушы балтамен сыныптасын мектеп дәлізінде қуалаған бейнежазба тарады
- Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
- Иранда әйелдерге мотоцикл айдауға және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілді
- Геннадий Головкин қысқы Азия ойындарының Қазақстанда өтуіне қатысты пікір білдірді
- Астанада ер адам науқас анасын тұншықтырып өлтірді
- 30 жыл керек болмаған лауазым: Қазақстанға вице-президент не үшін керек?
- Күре жолдар жабылды: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
- Әбу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға алғашқы қадам жасалды
- Ертең елорда оқушылары көктайғаққа байланысты қашықтан оқиды
- Зейнетақы қаражатын заңсыз шығарған: Қазақстанда 143 стоматологиялық емхана жабылды
- Енді ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті