Медициналық маскалардың шекті бағасы болмайды

cover

2021 жылғы 13 сәуірдегі бұйрық медициналық маскалар үшін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілейтін бұрын қол қойылған бұйрықтардың күшін жояды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бір рет қолданылатын медициналық маскаларға бөлшек саудадағы шекті бағаны белгілейтін (сәйкесінше 60 теңге, 85 теңге) 2020 жылғы 15 қазандағы, 2020 жылғы 14 шілдедегі және 2020 жылы 6 сәуірдегі бұйрықтардың күші 2021 жылы 13 сәуірдегі бұйрықпен жойылады.

Құжатқа денсаулық сақтау министрі, сауда және интеграция министрі қол қойды. Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы «Кейбір бірлескен бұйрықтардың күшін жою туралы» қаулыны мақұлдады.

Бірлескен бұйрық 2021 жылы 2 мамырда күшіне енеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар