Мәжіліс COVID-19-ға байланысты бетперде режимін енгізді

cover Фото: zakin.kz

Кейбір мемлекеттік қызметкерлерде коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс шаралар енгізу туралы шешім қабылдады.

«Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 7 ақпаннан бастап Парламент Мәжілісі ғимараты аумағында міндетті түрде бетперде кию және басқа да алдын алу шаралары енгізілді. Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе бетперде кию режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі» делінген хабарламада. 

Депутаттар мен БАҚ өкілдерінен шектеулер жойылмайынша барлық шараларды сақтауды сұралды.

Жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаевтан коронавирус инфекциясы анықталды. Екеуінің де ПТР сынамасы оң екені расталды. Қазір олар еңбек демалысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар