Мәжіліс бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады
Фото: freepik.com
Парламент мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа кодексті 94 депутаттың 76-сі қолдады, 7-еуі қарсылық танытты. 10 депутат қалыс қалды.
Ақыры үкімет жаңа Салық кодексі жобасында ҚҚС шегі 40 млн теңге деп белгіледі. Кейбір салалар ҚҚС төлеуден босатылды. Әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында үкімет ҚҚС-тан босатылған дәрі-дәрмектердің тізімін жариялайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге салық салынады. Әлеуметтік салада корпоративтік табыс салығы асықпай енгізіледі. 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады.
Жекелеген салалар үшін салық мөлшерлемелері мынадай болады:
- Банктер үшін – 25%;
- Құмар ойын саласы үшін – 25%;
- Әлеуметтік бағыттағы мекемелер үшін – 10%;
- Өңдеу өнеркәсібі үшін – 10%;
- Ауыл шаруашылығы үшін – 3%;
Негізгі салық мөлшерлемесі 20% болып қала береді.
Айта кетейік, 2025 жылдың 20 ақпанында үкімет мәжілістің қарауына мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және салық жүйесін реформалауға байланысты жаңа ұсыныс енгізді. Онда қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету, жекелеген салалар үшін ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыру туралы ұсыныс болды. Дегенмен, жоба бойынша жұмыс барысында депутаттар қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін кем дегенде екі есеге арттыруды ұсынды.
Еске салайық, бүгін, 9 сәуір күні мәжіліс жаңа салық моделін ұсынды.
Ал мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәжілісте қаралып жатқан салық салудағы жеңілдіктерді сынаған болатын. Оның пікірінше, бұған дейін мемлекетке қыруар қаржы төлеп келе жатқан «алыптардың» жеңілдік талап етуі негізсіз.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты