«Мәскеудің уысында»: Қазақстанға қыркүйекте патриарх Кирилл келеді
Патриарх Кирилл қазақстандық дінбасылармен кездесуде. Фото: www.patriarchia.ru
Қыркүйек айында Қазақстанға Мәскеудің және бүкіл Ресейдің патриархы Кирилл келгелі жатыр. Ресейлік басылым еліміздегі Воронцов атты дінбасы мен белсенді Тұрарбек Құсайыновтың Константинопольдағы шіркеуге «Мәскеуге тәуелді болмау үшін» өкілдік ашу жайлы өтініш хат жеткізгендері жайлы жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейдің «Независимая газета» басылымының жазуынша, еліміздегі Украинаны қолдайтын, бұрынғы иеромонах Иаков (Воронцов) 2023 жылдан бері Қазақстанда Константинополь патриархатының өкілдігін ашу бастамасын белсенді түрде көтеріп жүр. Билік ресми қолдау көрсетпегенімен, басылым мәліметіне қарағанда, оның әрекеттеріне ұлтшыл көзқарастағы бірқатар қоғамдық белсенділер дем берген.
«Қазақстан билігі оған ресми қолдау көрсетпегенімен, ұлтшыл бағыттағы бірқатар қоғамдық белсенділердің қолдауы байқалады», — деп жазды басылым.
Басылымның жазып отырған «ұлтшыл» деген азаматы — Тұрарбек Құсайынов. Ол украинаны ашық жақтайтын белсенді. Ол жақында Стамбұлға барып, Воронцовтың Қазақстанда провослав шіркеуінің өкілдігін ашу туралы хатын Константинопольдағы патриархтың кеңсесіне апарып берген көрінеді.
«Бүгін Ыстамбұл қаласындағы Қазақстанның бас консулына иеромонах Воронцов пен «Демос» қоғамдық ұйымының атынан Бүкіләлемдік Православ Шіркеуінің (Константинополь Патриархаты) өкілдігі мен рухани әкімшілік орталығын Қазақстанда ашу туралы Қазақстан азаматтарының өтінішін тапсырдым. Соған байланысты бас консул Аманқұл Нуриддин мырзадан аталмыш бастаманы қолдап, қажетті консулдық қолдау көрсетуін де өтініп сұрадым. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деп жазды Тұрарбек Құсайынов.
Сонымен қатар ол елдегі Ресейге тәуелді болғысы келмейтін азаматтардың қолын да жиналған үндеу хатты апарғанын да айтты.
«Константинополь шіркеуінің діни қызметкерлері, соның ішінде партриарх Варфоломейге өте жақын монах бізді өте жылы қабылдады, яғни, ресми Мәскеуге тәуелді болғысы келмейтін Қазақстан азаматтарының аты-жөні мен қолы қойылған үндеу-хатты сәтті табыстадым. Ресейдің НКВД, ОГПУ, ВЧК, КГБ, ФСБ сияқты тоталитарлық ұйымдарының жансыз-шпиондары боп табылатын Ресей православ шіркеуінің поптарынан тезірек құтылуды Жаратушым нәсіп етсін!», — деп жазды Тұрарбек Құсайынов.
Ал басылым болса, Тұрарбек Құсайыновтың жазбаларын орыс шіркеуіне «тіл тигізу» деп атады. Ал Воронцовты Ресей шіркеуіндегі дәрежесінен айырған соң, Константинопольға қарай бет бұрды деп жазған. Басылымның аты-жөнін жасырған дереккөзі оны Константинопольдың қолдауы екіталай екенін айтады.
Оның әрекетін Кирил Қазақстанға келер алдында «қыр көрсету» деп бағалайды.
Басылым Қазақстандағы «Православ азаматтар одағының» жетекшісі Константин Бируляның пікірін жазған:
«Воронцовты қолдайтындар санаулы. Кімдер қол қойды? Белгісіз... Көбі православ емес шығар. Әулие Варфоломей дәрежесінен айырылған адаммен шындап айналысады деу күлкілі. Бұл Литва да, Украина да емес, онда менталитет басқа», – дейді Бируля.
Ары қарай Воронцовты сотқа тартпақ болып алайда істің сотқа жетпей қалғаны жазылған. Жалпы басылым Воронцовты ұлтшылдар мен саяси көзқарастағы адамдар пайдаланып отыр деген тұжырымға тоқтайтын ойларды айтады. Қазақстандағы Вознесенский шіркеуінің дінбасы Суворовтың пікірін жариялады:
«Мемлекет жалпы алғанда зайырлы ұстанымды сақтап, шіркеу саяси мәлімдемелерден алыс тұрды. Бірақ Украинадағы қақтығыс басталған соң бізді геосаяси дискурсқа күштеп араластыру әрекеті байқалды. Бұл – шіркеудің ішкі бастамасы емес, сыртқы саяси ойын. Осындай жағдайда Воронцов бейнесі бірден пайдаланылды. Ол шіркеуді «Мәскеудің филиалы» ретінде көрсетуге себепші болды. Шын мәнінде, біздің құлшылық пен уағыздарда еш саяси үндеу жоқ. Бірақ ақпараттық алаңда бізді ұлттық-патриоттармен әдейі қарсы қойып отыр».
Басылым тағы бір пікірді қосқан. Онда «Қазақстан православ азаматтары одағының» жетекшісі Константин Бируля да елде шіркеуге қысым жоқтығын айтады:
«Бізде діни кемсітушілік жоқ. Іс-шараларда әрқашан мұсылман және православ дін қызметкерлері бірге қатысады. Ұйымымызда да қазақтар көп. Дінбасылар арасында қазақтар да баршылық».
Еске сала кетсек, Orda.kz Ехоба куәгерлері атты діни сенімде жүрген азаматтар жайлы жазған болатын. Ресейде «заңсыз» деп танылған сенім Қазақстанда қалай таралды? Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Президент конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады
- Исламабад мешітінде қаза тапқандар саны 30-дан асты
- Алматыдағы шатқалда көзге түскен барыстың мойнына қарғыбау тағылды
- Пәкістанда жұма намазы кезінде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты
- Қырғызстан президенті өзінің іс басқарушысына ескерту жасады
- Тоқаев қорғаныс министрі орынбасарларымен кездесті
- Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырды
- Қоспаев ҰҚТ мүшелері базар жерін саудалаған алаяқтығы үшін сотталды
- Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды
- Әзірбайжанда мектеп оқушысы мұғаліміне оқ атты
- «Asar Baspana» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
- ҰҚК сегіз өңірде ұстау операциясын жүргізді
- Басын су толы шелекке батыратын: Өгей әкеден қорлық көрген қыздар туған әкелерінің қарауына берілді
- Атырауда оқушы балтамен сыныптасын мектеп дәлізінде қуалаған бейнежазба тарады
- Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
- Иранда әйелдерге мотоцикл айдауға және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілді
- Геннадий Головкин қысқы Азия ойындарының Қазақстанда өтуіне қатысты пікір білдірді
- Астанада ер адам науқас анасын тұншықтырып өлтірді
- 30 жыл керек болмаған лауазым: Қазақстанға вице-президент не үшін керек?
- Күре жолдар жабылды: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды