Мәскеу - Астана бағытындағы ұшақ шұғыл Уфаға қонды

cover Фото: aeroflot.ru

Мәскеуден Астанаға бағыт алған «Аэрофлот» ұшағы шұғыл түрде Уфа қаласына қонды.

Бұл туралы Федералды әуе көлігі агенттігі хабарлады.

«Аэрофлоттың» екінші ұшқышының денсаулығы Шереметьеводан ұшқан сәтте нашарлаған. 29 жастағы екінші ұшқыш ұшу кезінде басы айналып, көру қабілеті нашарлай бастаған. Уфаға қонғаннан кейін ер адам қалалық ауруханалардың біріне жатқызылып, бірқатар тексерулерден өтті.

Ұшақ қонғанына бір-екі сағат өткен соң, 149 жолаушысы бар әуе кемесі басқа екінші ұшқышпен толықтырылып, Уфадан Астанаға қарай жолын жалғастырды. Әуе кемесі кестеден үш сағатқа кеш қонды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар