Мәсімовтің қызы сотта бұрынғы күйеуінен жеңілді
Коллаж: Orda.kz
Мәсімовтің қызы сотта бұрынғы күйеуінен жеңілді. Олар Мәскеуде мүлік бөлісу үшін сотқа жүгінген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
9 маусымда сот екі жыл бойы қаралған істі аяқтады. Талапты қанағаттандырудан бас тартты. Іс жайлы мәлімет жоқ, себебі мәскеулік сот құжаттарын біздің сот жүйесі сияқты жария түрде көрсетпейді.
Еске салар болсақ, Ресей сотында ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрім мен оның бұрынғы күйеуі Азамат Кәпеновтің арасындағы мүлік бөлісу ісі қаралды. Дау болып отырған дүние-мүліктің ішінде элиталық жылжымайтын мүліктер мен құнды автокөліктер бар.
Бұған дейін тараптар балалардың қамқорлығы жайындағы мәселені шешкен болатын. 2022 жылдың желтоқсанындағы Біріккен Араб Әмірліктері сотының шешіміне сәйкес, балалар айдың тең жартысында анасымен, қалған жартысында әкесімен тұрып жатыр.
Азамат Кәпенов деген кім және оның Кәрім Мәсімовке қатысы
Азамат Кәпенов — Қырғызстанның тумасы, Ресей азаматы. «Выход к морю» Telegram-арнасының мәліметі бойынша, ол Рублевкада, Серебряный борда және Мәскеуде элиталық жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Дәулетінің жалпы көлемі шамамен 10 млрд теңге болуы мүмкін. Сонымен қатар, активтер қатарында 190 мың еуро тұратын Porsche Taycan Turbo S сияқты люкс автокөліктер де бар. Ол сонымен қатар қылмыстық тергеуге де іліккен.
Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды
2024 жылдың тамыз айында Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықаралық іздеуге жарияланды. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық, аса ірі көлемде) бойынша айып тағылып жатыр.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды