Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды

cover Фото: instagram/ @arapbayevamarzhan

Белгілі әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық күйеуі Ербол Нұрмұхамбетов түнгі уақытта қоғамдық орында бейәдеп сөз айтып, сүйіктісін шашынан сүйреген, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Жанжал кезінде ер адам әйелге күш қолданған. Сот шешімімен 43 жастағы Астана тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, ер адамның үстінен дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 17 жастағы жас қызды бұрын-cоңды көрмеген ер адам әйелдікке алып қашып кеткен, онымен қоймай, оның ұялы телефонын тартып алып, өз еркімен келгені туралы қолхат жаздыруға тырысқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар