«Марқұмдарға тыныштық жоқ»: Атыраудағы зират маңы нәжіс төгетін орынға айналды
Фото: бейнеден кадр
Атырау қаласының тұрғындары зират маңындағы жердің нәжіс төгетін алаңға айналғанына шағымданып, бірнеше аптадан бері сасық иістен тыныс алу мүмкін болмай тұрғанын айтады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қала тұрғындарының сөзінше, коммуналдық қызметтер мен жергілікті билікке бірнеше рет хабар берілгенімен, ешқандай шара қабылданбаған.
«Үйіміздің қасында, тура зираттың жанында күнде септик төгеді. Иісінен терезе ашу мүмкін емес. Бұл – қорлық. Ата-бабаларымыз жатқан жерді қорлап жатыр. Марқұмдарға да тыныштық жоқ», – дейді Тасқала тұрғыны Үтепберген Сатыбалды.
Атыраулықтар мұны қала үшін ұят жағдай деп атап, төтенше жағдай қызметі мен экология департаментінен шұғыл әрекет етуді талап етті.
«Бұл сасық иістен шаршадық. Бұл – тірілерге де, өлілерге де қауіп. Билік араласып, кінәлілерді жазаласын», – дейді жұртшылық.
Қала әкімдігі әзірге бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске сала кетейік, 31 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінде үшінші рет ондаған ата-ана мен белсенді жиналды. Олар Бостандық ауданындағы жаңа №224 мектеп тек қазақ тілінде білім беретін оқу орны болуы керек деген талап қойды. Orda.kz тілшісі әкімдіктегі жағдайды бақылап, ата-аналардың пікірін тыңдап қайтты.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен