Маринадталған етті ұрлап, сатқан күдікті ұсталды

cover

Елордадағы донер дүкенінің иесі полицияға жүгініп, белгісіз біреу асханаға кіріп, 45 мың теңгенің маринадталған етін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлады Orda.kz.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті Бөгенбай батыр көшесіндегі дүкеннен ет ұрлаған.

– Кәсіпкердің айтуынша, ол етті базардан сатып алып, кейін маринадтап, асханада қалдырып кеткен. Күдікті сағат 18:20 шамасында өтіп бара жатып, бөлмеде ешкім жоқ екенін байқаған. Бейнекамералар мен өтіп бара жатқан адамдардың жоқтығын пайдаланып, ол асханаға кірген. Сол жерден маринадталған етті ұрлап кетті, - деді полиция.

188-бап (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұрын сотталған 33 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар