Марат Омаров футбол федерациясын басқарады

cover Фото: Instagram/ Марат Омаров

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды, деп хабарлайды Orda.kz.

20 желтоқсан күні ҚФФ басшысы лауазымына кезектен тыс сайлау өтті. Президенттікке төрт үміткер қатысты. Танымал футболшы Давид Лория, Алтай Даумов пен Ербол Қайыров, және олардың ішіндегі жалғыз саясаткер Марат Омаров. Алайда, соңғы сәтте Давид Лория өз кандидатурасын алып тастады.

Омаровты Астана қаласының футбол федерациясы ұсынған. Ол 34 дауыс жинап алға шыққан.

Марат Омаров «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британ университетін, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген. Мансабын экономикалық даму және сауда министрлігінде бастаған. Содан кейін, «Қазақтелекомда», «Бәйтерек» холдингінде, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» қызмет атқарды. Сонымен қатар, «Қазына Капитал Менеджментте», «Қазақстанның Даму Банкі» директорлар кеңесінің қатарында болды. Ал 2022 жылдан бері бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келген.

Ашық дерексөзге сүйенсек, Омаров кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жиеніне үйленген. Олардың 2015 жылы туған қызы бар.

Бірақ, кейбір дереккөздерде Омаров Дариға Назарбаеваның құдасы Берік Имашевтің қызымен отбасын құрған деген де ақпарат бар. 

Айта кетейік, бұрынғы президент Әділет Барменқұлов қараша айында қызметтен кеткен болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар