Марат Әйтеновтың балаларына психологиялық көмек көрсетіледі

cover Фото: видеодан кадр

«Самұрық Қазынаның» экс-директоры, әкесі Марат Әйтенов үйінен күштеп шығарған балаларға психологиялық көмек көрсетіледі.

Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева хабарлады.

Ол бұл жағдайдағы ең сорақысы балалардың психологиялық жарақат алғанын атап өтті. Әріптестерімен және қала әкімдігімен бірлесе отырып, балаларға психологиялық көмек, анасына заңгерлік кеңестер берілді.

Зәкиева заң бойынша көшіру кезінде тек атқарушылық өндіріс пен мемлекеттік орган өкілдері ғана қатысуы тиіс екенін атап өтті. Алайда бұл іске Марат Әйтенов пен басқа да тұлғалар қатысып, қызметтік тексеруге негіз болды.

Ол сондай-ақ, ажырасу рәсімдері жиі қиын жағдайлармен бірге жүретінін, бірақ балалардың азап шегуін және жол берілмейтін зорлық-зомбылықты ештеңе ақтай алмайтынын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар