Маңғыстаудың дауға қалған экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Коллаж: Orda.kz
Алик Айдарбаев Kalamkas-Khazar Operating компаниясына бас директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
«ҚазМұнайГаз» басқармасының бұрынғы төрағасы және Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев шілде айының басында Kalamkas-Khazar Operating компаниясының бас директоры болып сайланды. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» теңіз жобалары жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, 2023 жылы Айдарбаевтың басы дауға қалған еді. Қазақстан ММА федерациясы бұрын «ҚазМұнайГаздың» басшысы болған өз президенті Алик Айдарбаевқа іздеу салды.
Федерация Алик Айдарбаев ұзақ уақыт байланысқа шықпағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол басшы болған сәттен бастап Республикалық аралас жекпе-жек бірлестігінде 100 миллион теңге қарыздар жинақталды. Ашық үндеуде жаттықтырушылар мен спортшылар Айдарбаевты «спорт қауымдастығымен байланысқа шығуға» шақырды.
Kalamkas-Khazar Operating-ке келетін болсақ, бұл — Каспий теңізінің қазақстан аумағындағы ауқымды мұнай-газ жобасының операторы.
Еске салайық, Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кету туралы өтінішін 2022 жылдың сәуірінде берген. Оның жұмыстан кетуіне денсаулығының сыр бергені себеп болған.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды