Маңғыстаудағы жеке емдеу кабинетінде екі адам көз жұмды
Фото: freepik.com
Маңғыстаудағы жеке емдеу кабинеттерінің бірінде салынған инъекциядан кейін екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаны өңірлік медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетиярова растады.
Биылғы он айдың ішінде облыста жеке емдеу кабинеттерінде анафилактикалық шоктың 41 жағдайы тіркелген. Науқастардың басым бөлігі жедел жәрдем бригадаларының көмегімен аман қалған. Алайда екі адамды құтқару мүмкін болмаған.
Бір өлім Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында тіркелген. Жас жігіт дәріханадан антибиотик сатып алып, инъекцияны сол жерде — дәріхананың емдеу бөлмесінде қабылдауды шешкен. Инъекциядан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенде биологиялық өлім тіркелді.
«Жоспардан тыс тексеру кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Емдеу кабинеттерінің лицензиясы болмаған, инъекциялар дәрігердің тағайындауынсыз және аллергиялық сынамасыз жасалған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді сақтау талаптары сақталмаған. Медицина қызметкерінің жарамды маман сертификаты болмаған және соңғы бес жылда біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген. Тексеру материалдары полицияға жолданып, сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Мұхамбетиярова.
Айта кетейік, осындай жағдай бұған дейін Жамбыл облысында да тіркелген. Онда да жеке емдеу кабинетінде екі адам көз жұмып, тексеріс басталған болатын.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды