Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады

cover Фото: Бейнеден кадр

Кеше, 9 шілде күні Маңғыстау облысындағы Теңге мұнай кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, апат «Petro Мұнай-Газсервис» компаниясы мұнараны көлденең күйге келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған. Компания бұл жұмыстарды мердігер ретінде атқарған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өндірістік қауіпті нысанды пайдаланушы мекеменің жанынан арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.

Қазір оқиға орнында қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр. Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, маусымда Маңғыстау жеріне ұшқышсыз ұшатын дрон құлаған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар