Маңғыстауда 10 адамның өмірін жалмаған апатқа себепкер болған жүргізуші бір айдан соң қамалды
Фото: бейнеден кадр
Маңғыстау облысындағы он адамның өмірін қиған жол апатынан бір ай өткен соң Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы уақытқа дейін ол жарақаттарына байланысты ауруханада болған.
«Сот шешімімен жүргізуші тергеу изоляторына қамалды», деп мәлімдеді облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апаты болып, 10 адам қаза тапты.
Облыстық ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жолаушылар отырған шағын автобус жол жиегінен шығып, аударылып кеткен. Сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?