Маңғыстау облысында теміржолшылар ереуілге шықты
Фото: Бейнеден кадр
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының теміржолшылары өз құқықтары тапталып, еңбек талаптары дұрыс орындалмады деп отыр.
29 шілдеге дейін теміржол компаниясының басшысы Сауранбаев қызметінен кетсін деген талап қойып отыр. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Бүгін 8 шілде 2024 жыл. ҚР президенті Тоқаев және премьер-министр Олжас Бектеновке, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, Бейнеу ауданының әкімі Шалбаевқа үндеу. Біз, Бейнеу ауданының теміржолшылары еңбек дауларына қойылған талаптардың орындалмауына байланысты, еңбек жағдайының, әлеуметтік жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан теміржол компаниясының президенті Нұрлан Сауранбаевтың жұмыстан кетуін талап етеміз. Қойылған талаптар шілде айының 29-на дейін орындалмаған жағдайда және жұмыс беру талаптарынан заңсыз қудалаулар мен қысым көрсетілген жағдайда жұмысты тоқтатуға мәжбүр боламыз» деп отыр теміржолшылар.
Еске сала кетейік, Бейнеу ауданының тарихы темір жолмен тығыз байланысты. Қазіргі таңда бұрыннан келе жатқан ата кәсіпке айналған теміржол қызметіндегі еңбек талаптарының орындалуына жұмысшылар наразы болып отыр.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды