Маңғыстау облысында азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

cover Сурет: polisia.kz

6 ақпан күні Астанада аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Сүлейменов ұсталды. Бұған дейін, 30 қаңтар күні Қызылордада оның тағы бір сыбайласы Қаржауов анықталып, ұсталды. 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекеттерінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілген. 

Тергеу барысында 2022 жылдың мамыр айында Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар