Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қазақстанға күміс медаль әкелді

cover Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бостонда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Михаил Шайдоров осы спорт түрінен Қазақстан үшін тарихи жетістікке жетіп, күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін Михаил үшінші орынды иеленді, бірақ ол өз позициясын жақсарта алды. Еркін бағдарламада Шайдоров 192,70 бал алды. Жалпы нәтиже - 287.47 бал.

Бұл еліміздің мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс және 2015 жылы қола медаль жеңіп алған болатын.

Әлем чемпионатының алтын медалін екінші рет американдық Илья Малинин жеңіп алды - 318,56. Жапониялық Юма Кагияма үздік үштікті - 278,19 балмен жапты.

Михаил үшін бұл маусымдағы екінші ірі жеңіс. Ол турнирді 2015 жылы жеңіп алған Денис Теннің табысын қайталап, Төрт континенттің чемпионы болды. 

 

Михаил Шайдоров ресми түрде олимпиадалық лицензия алды және 2026 жылы Миланда Қазақстанның намысын қорғайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар