«Манчестер Ситиге» жаңадан қосылған өзбекстандық футболшы ойынның екінші минутында гол соқты

cover Абдукодир Хусанов. Фото: Instagram/mancity

«Манчестер Ситидің» өзбекстандық жаңа ойыншысы Абдукодир Хусанов «Челсиге» қарсы дебюттік ойынының екінші минутында қателесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Ойынның басында Өзбекстанның қорғаушысы допты баспен өз қақпашысына бағыттамақ болғанымен, пасы тым әлсіз болып шықты. «Челсидің» шабуылшысы Николас Джексон допты ұстап алып, Нони Мадуекаға берді, ол допты бос қақпаға оңай кіргізді – 0:1.

Бір-екі минуттан кейін Хусанов тағы бір қателік жіберіп, оны соққымен түзетпек болды. Өзбекстандық ойыншының қимылы қарсыласының аяғына тиіп, Абдукодир Хусанов сары қағазбен «жазаланды».

Айта кетейік, бұл «Ситидің» жаңа ойыншысы Хусанов ағылшындық клубпен келісім-шартқа отырғаннан кейін алғашқы кездесу. БАҚ мәліметінше, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы жылына 3,5 миллион еуро жалақымен 40 миллион еуроға сатып алынған. Ол Англиядағы Өзбекстаннан шыққан алғашқы ойыншы ретінде тарихқа енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар