Мамырда Қазақстан - Қытай шекарасы жабық болады

cover РИА Новости

Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы», «Достық» және «Бақты» бақылау-өткізу бекеттері 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Үш пункт демалысқа байланысты жұмысын уақытша тоқтатады.

– Қазіргі уақытта карантиндік шектеулердің жалғасуына, тек жүктер мен тауарлардың кіруіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасында екі теміржол өткізу бекеті (Достық және Алтынкөл) және үш автомобиль бақылау бекеттері (Нұр жолы, Достық, Бақты) жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Комитет жүк көліктерінің өткізу пункттері арқылы қозғалу бағыттарын алдын-ала түзетуді ұсынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар