«МӘМСҚ басшысының айлығы 1 400 000 теңге»: Петиция жайы не болмақ?
Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz
МӘМС қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы жарналар мен аударымдар жүйесін өзгерту туралы петиция мен басшылықтың қанша сыйақы алатынын айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
МӘМС қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов МӘМС тақырыбына арналған брифингте петиция қарастырылуы үшін оның 50 мыңнан астам дауыс жинауы керек екенін айтты.
«МӘМС-ті беру немесе өкілеттік ету қарастырылмаған, бұл жүйенің негізгі принципі. Бүгін сіз жарна аударсаңыз, олар мұқтаждарға кетеді. Бірақ медициналық көмек қажет болғанда, жалпы қаражат есебінен көмек көрсетіледі. Бірақ мен петицияға қатысты пікір білдіргім келмейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар», – деді Қор басшысы.
Сонымен қатар, Сқақов петицияда кәсіпкерлердің кірісі болмаса, қызметін тоқтата алатынын және мұндай жағдайда декларация мен салықтар, МӘМС жарналары болмайтынын айтты.
«Ал жарналарды бір көзден төлеуге байланысты белгілі бір шек бар. Одан жоғары болса, бірнеше жұмыс істесеңіз де, қосымша төлем болмайды. Бұл 17 мың теңге, яғни 850 мың теңге жалақы. Бұл жоғарғы шек», – деп түсіндірді Сқақов.
Еске салайық, бұған дейін ePetition.kz сайтында «МӘМС жүйесін өзгерту қажет» деген атаумен петиция пайда болған еді.
Сондай-ақ, брифинг барысында Әбілқайыр Сқақов МӘМС басшылығының жылдық сыйақысы туралы сұрақтарға да жауап берді. Сқақовтың айтуынша, басшылық үшін максималды сыйақы жылына 650-700 мың теңге. Ол өткен жылы топ-менеджерлердің миллионға жуық сыйақы алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Ал өзінің ай сайынғы жалақысы 1 400 000 теңге.
«Қордың топ-менеджерлері бес адамнан тұрады, бұл басқарма. Олар соңғы үш жылда бонус алған жоқ, бұрын да алған емес және қазір де алмайды. Мен және менің орынбасарларым алған максималды сыйақы жылына 650-700 мың теңге көлемінде. Бұл директорлар кеңесінің шешімімен шектелген. Ал коллективтің сыйақысы жеке қызметкердің KPI-ына байланысты» , – деді Әбілқайыр Сқақов.
Жаңалықтар
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды