Макрон Франция президенті қызметін 2027 жылға дейін жалғастыратынын мәлімдеді

cover Фото: Елисей сарайындағы бейнежазбадан кадр

Франция президенті ұлтқа жасаған үндеуінде, Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік білдірілгеніне қарамастан, өз қызметін мерзімінің соңына дейін жалғастыруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Макрон өз сөзінде «бес жылдық мандатқа ие екенін» атап өтіп, «қызметін  соңына дейін толық орындап, мемлекеттің сабақтастығын, институттардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін» айтты. Сондай-ақ, Макрон оппозицияны сынға алып, олар «тек президенттік сайлау туралы ғана ойлап отыр» деп мәлімдеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар