Майқайыңдағы іздеу жұмыстары тоқтатылуы мүмкін - ТЖД
Сурет: Павлодар облыстық ТЖД
Майқайыңда құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен автобусты іздеу жұмыстары тоқтатылуы мүмкін деп хабарлайды Orda.kz Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімдемеге сүйеніп.
Төтенше жағдайлар министрлігі Майқайыңалтын аумағында опырылған жердің аумағы бойынша жарықтар пайда болып, бұл шахтада іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді.
Ведомство «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, олар тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада мұндай жағдайда бірінші кезекте төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау керектігі айтылған.
Осыған байланысты жұмысты тоқтату мәселесі қарастырылуда.
«Шахтадағы топырақ жағдайы өте қауіпті. Бұрын кішірек жарықтар пайда болған кездің өзінде жар құлаған. Оның үстіне GRP Ridder group мамандары топырақты магнитометрмен және геосканермен зерттеген кезде іздестіру орнындағы опырылулар мен құлаулар ықтималдығы жоғары деген қорытындыға келді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Тау-кен жұмыстары кезінде топырақ қазылатын болғандықтан, оның адамдарды басып қалу қаупі жоғарылаған.
«Сонымен қатар жұмысты төменгі температура мен күшті қарлы боран қиындатты. Мұның барлығы құтқарушылар өміріне қауіп төндіреді» делінген хабарламада.
Бұған дейін Orda.kz іздестіру орнында автобус бөліктері мен құтқарушылардың жеке заттары табылып, жер бетіне шығарылғанын жазған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда құтқарушылар мінген автобус Майқайыңалтын тау-кен учаскесіндегі қазылған орынға құлап кетті. Көп ұзамай олардың екеуінің денесі табылды. Тағы екі адам мен автобусты іздеу күні бүгінге дейін жалғасуда.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы