Маңғыстау: Қуаңшылық қысқан жұрт малға картон беріп отыр

cover

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында малды картонмен қалай тамақтандыратынын көрсетті. Мұндай әдіс мал азығын үнемдеу үшін жасалады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында Ақтаудан 350 шақырым жерде орналасқан Ақшымырау ауылынан шағын фоторепортаж жариялады. Кадрлардан жергілікті фермерлердің мал азығына картон қосып отырғанын көруге болады.

Сурет: Азамат Сарсенбаев/Facebook

Құрғақшылық салдарынан шаруа қожалықтары картонды суға малып, кейін жұмсақ картонды кебектің қалдығымен араластырады.

Сурет: Азамат Сарсенбаев/Facebook

 Бұл технологияның ауылда ұзақ уақыт бойы жем-шөп тапшылығы кезеңінде қолданылғаны айтылды. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы жылқылар мен түйелерді картонмен тамақтандырған видеоға әлеуметтік желі қолданушылары таңданған болатын. Облыстық әкімдікте жемшөп жетіспеуіне қатты құрғақшылық себеп болғанын айтты. Бірақ қазіргі уақытта облысқа жем жеткізіліп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар