Мәдениет министрлігі боксшыларға қатысты пікір білдірді

cover

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Ангелина Лукастың әлем чемпионаты алдында заңсыз шеттетілгендігіне қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ангелина Лукас не дейді?

Спортшының айтуынша, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай оны ұлттық құрамадан шығаруға себепкер болып отыр.

– Олар ешқандай тергеу жүргізген жоқ, бәрі біржақты шешілді. Мен дәлелдердің бар-жоғын білгім келді, маған жауап бермеді. Менің басшылығым мені бейнежазбаға байланысты шеттетілгенімді ғана айтты, - деді Лукас.

Ангелинаның айтуынша, видеода оның бапкері Қызайбай бөлмесінің жанындағы қонақүй дәлізіне тұз сепкен.

– Назым Қызайбай Ақбұлақтағы оқу-жаттығу жиынында біз қалған қонақүйдің ІТ-маманын көндірді. Маман оны компьютердің алдында жалғыз қалдырып кеткен, сол кезде ол видеоны қолдан жасап алған. Видеода менің жаттықтырушым дәлізде тұз сепкен. Ал мен сол кезде оның бөлмесінің жанында жүрдім. Жағдай жүйкеге қатты әсер етеді, оны Қызайбай бірнеше күннен бері қолдан ұйымдастырып келеді. Салдарынан жаттықтырушым есіктің алдында тұзды көріп, оны Назымның есігіне апарып тастады. Видеода мен жаттықтырушыма оның арандатушылығына мән бермеуді сұрадым, - деді Ангелина Лукас.

Бапкері дуаланған тұз тапқан

Ангелина Лукастың бапкері Рахманбек Арғынбаевтың айтуынша, ол үнемі үстінен қыз баланың шашын тауып ала береді, қолына жағымсыз иісі бар сұйықтық жабысып қала береді, кейіннен өз бөлмесінен бір уыс тұз тауып алған. Кейін ол тұзды Назымның бөлмесіне апарып тастаған.

Кейін Назым Қызайбай Ангелина Лукасқа қарсы қол жинаған. Құрамадағы 30 қыздың 22-сі петицияға қол қойған.

– Басқа қыздардың да құқық бұзушылықтары туралы нақты фактілер бар. Оларды неге құрамадан шығармады? Басқа қыздар режимді, этиканы бұзып, темекі шегіп, ішімдік ішті, неге олар да жазаланбайды? Мұның бәрі Назым мен біздің басшылықтың келісілген жоспары. Олар Назымды алға тартып, мені шығарып жібермекші. Оның себебі – ол мені бірнеше жылдан бері жақтыртпайды, - деді спортшы.

Ангелина ұлттық құрамадан шеттетілді ме?

Бокс федерациясының айтуынша, Ангелина Лукас Назым Қызайбайдан жеңіліп қалып, түрлі әрекеттерге барып жүр.

Мәдениет министрлігі Анджелина Лукастың ісін бақылауға алғанын хабарлады. Спортшы уақытша шеттетілген.

– Бокс федерациясы Қазақстан Республикасы әйелдер боксының бас жаттықтырушысы Ерік Алғабектің Қазақстан Республикасының спортшыларының этикасына сілтеме жасаған есебіне сүйене отырып, Анджелина Лукасты белгісіз мерзімге дисквалификациялады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт түрі бойынша аккредиттелген спорт федерациясының ұсынысы бойынша жүргізді. Мұндай ұсыныс комитетке келмеді, соған байланысты Анджелина Лукас ұлттық құрамадан шығарылған жоқ, - деп хабарлады министрлікте.

Сонымен қатар арнайы жұмыс тобы құрылады. Ол Анджелина Лукастың шағымын қарастырады.

Әзірге Назым Қызайбай ешқандай түсініктеме бермеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар