Ұлы Отан Соғысында қаза болған жауынгердің сүйегі Отанына оралады

cover

Ұлы Отан Соғысында мерт болған қазақ жауынгерлердің сүйегі Отанына жеткізіледі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазақ солдаттарының ішінде Емберген Асайынов та бар. Ол Ленинград облысы Киров ауданында жерленген. Бұл туралы ресейлік іздеушілер «Майдан жолы» жасағының өкілдеріне хабарлап айтқан.

Жақында оның сүйегі Отанына оралып, Қызылорда облысында қайта жерленеді.

Мұрағатта жауынгер туралы мәлімет аз болғандықтан, зерттеушілер ол туралы толық ақпарат жинай алмаған.

Болжам бойынша, Асайынов Ленинград шайқасында көз жұмған.

– Жауынгердің туыстарын іздеп таптық. Олар Қызылорда облысының Арал ауданында тұрады. Туған немересінің көзі тірі. Емберген Асайынов 1900 жылы туып, 1943 жылдың жазында қаза тапқан. 327-ші атқыштар дивизиясында қызмет еткен. Дивизия Синяв биіктігін азат еткені тарихтан белгілі, - деді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар