«Лос-Анджелес толығымен жойылатын еді»: Трамп мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден кадр
АҚШ президенті Дональд Трамп неліктен Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны кіргізгенін түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Лос-Анджелестегі көші-қон полициясының заңсыз мигранттарды тексеру шараларынан кейін басталған көтерілісті басу үшін президент Ұлттық гвардияны қалаға кіргізген еді. Трамп Ұлттық гвардия жағдайды бақыламаса, наразылық білдірушілер Лос-Анджелесті жойып жіберуі мүмкін екенін айтты.
«Біз Калифорниядағы зорлық-зомбылық, арандатушылық тәртіпсіздіктерді басу үшін Ұлттық гвардияны жіберу туралы шешім қабылдадық. Егер олай етпесек, Лос-Анджелес толығымен жойылып кететін еді», – деді Трамп.
Алайда Трамптың бұл әрекеті Калифорния штатының губернаторына жақпай қалған. Ол президент Дональд Трампты сотқа бермек. Гэвин Ньюсом президенттің жергілікті билікпен ақылдаспағанын алға тартты.
«Ақ үй басшысы Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны кіргізбес бұрын жергілікті билікпен ақылдасқан жоқ», – деп айыптады ол.
Оның сөзінше, АҚШ басшысының бұл шешімі шаһардағы ахуалды одан бетер ушықтырған.
Ал президенттің айтуынша, Калифорния губернаторы Гэвин Ньюскам мен қала мэрі Карен Басс оны жазықсыз айыптап отыр екен.
ВВС ақпаратына зер салсақ, Ұлттық гвардияның 2000 әскери қызметкері Лос-Анджелестегі наразылықтар кезінде тәртіп сақтау және иммиграциялық рейдтер жүргізу бойынша әдеттегі іс-әрекеттерді орындамайды. Олар қаладағы полициясының, көші-қон қызметінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерін қорғайды.
Айта кетейік, 7 маусымда Лос-Анджелесте заңсыз мигранттарды депортациялауға қарсы наразылықтар басталған еді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?