Лиза Пылаеваның ісі бойынша нүкте қойылды
Фото: Александр Пылаевтың жеке мұрағатынан
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алты жастағы Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша кассациялық шағымды қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кассациялық қадағалау шеңберінде Бас прокуратура Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Ухтам Махмудовқа қатысты бұрын шығарылған ақтау үкімін заңсыз деп танып, оның күшін жоюды және істі қайта қарауға жіберуді сұрады.
Алайда Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Судьялар алқасы өз шешімін былайша түсіндірді:
«Айыптау үкімі тек нақты дәлелдерге сүйенуі тиіс, жорамалға емес. Қыз баланың неден қаза болғаны анықталмаған, ал сараптамалар бірнеше қарама-қайшы нұсқаны көрсетеді. Ольга Шмакованың бұл оқиғаға қатысы бар екені дәлелденбеген және тергеу нақты айғақтармен оны растай алмаған».
Сондай-ақ судьялар «Сот – қылмыстық қудалау органы емес және тергеудегі кемшіліктерді түзетуге міндетті емес» екенін атап өтті. Осы себепті бұған дейінгі сот шешімдері заңды әрі әділетті деп танылды.
Істі Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Оның құрамына төрағалық етуші судья Рахметуллина, сондай-ақ судьялар Волкова мен Мергенова кірді.
Лиза Пылаева 2019 жылғы 12 мамырда алты жасында отбасымен бірге тұрған жеке үйдің ауласында қаза тапты. Тергеу нұсқасы бойынша, Ольга Шмакова аулада көлік жүргізіп жүріп, жиенін қағып кеткен. Ал қорғау тарабы баланың үстіне ауыр мүсін құлағанын алға тартты.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қаралды: 99-бап 2-бөлім, 14-тармақ («Кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру»), 420-бап 2-бөлім («Көрінеу жалған айғақ беру, сарапшының, маманның қорытындысы немесе теріс аударма») және 432-бап («Қылмысты жасыру»).
2024 жылғы қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Ухтам Махмудовты ақтау туралы шешім шығарды. Бес жылға созылған істің нәтижесінде олардың кінәсі дәлелденбегені себепті үшеуі де толық ақталып шықты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды