Әлихан Бөкейхановты насихаттай бермеңдер – журналист Мақсат Толықбайға келген белгісіз қоңырау
Белгілі тележурналист, «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі Мақсат Толықбай Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында Алаш қайраткерлерін насихаттауға кедергі болған белгісіз адамдар жайында пікір білдірді.
Бұл жайлы Orda.kz хабарлайды.
— Алашорда қозғалысының 100 жылдығы кезінде конференциялар мен бәйге ұйымдастырдық. Көкпар да өткіземіз дегенбіз. Сол кезде белгісіз адам қоңырау шалды. Белгісіз болғанда оның ар жағында тұрған – «үш әріптілер». Аты-жөнін білмеймін. «Сендер байқаңдаршы, қатты кетіп бара жатырсыңдар ғой. Алаш қайраткерлерін қатты айта бермеңдер, жарайды енді 100 жыл болыпты, конференция өтті, осымен тоқтатыңдар» деген мағынадағы әңгіме айтылды, - деп қызық қоңырауды еске алды.
Тележүргізуші мұның себебін әділетті қоғам орнатуға мүдделі еместердің көптігімен байланыстырады.
— Мүмкін өліп қалған Әлиханның әруағынан әлі қорқатын шығармыз. Өйткені сол Алаш идеялары бізде әлі маңызды. Біздің қоғам оны ұлықтауға әзір дайын емес. Оның заманында да қазақтың басы қосылмай кетті. Қазір де қосылмайды. Біз осылай «сен жаман, мен жаман» деп отыра береміз, - деді тележүргізуші.
Журналистің ойынша Қазақстанда аяқтан тарту жүйесі орнаған.
— Кім басын көтереді, соның аяғынан тарту керек, болды. Қазір азаматтарды қолдасақ, біз күшке айналып кетеміз. Бізді көрген ауылдың жастары «ағалар қазақтың басын қосып бірігіп жатыр. Қарап отырмай біз де тәуелсіз ұйым құрайық. Ауыл, аудан деңгейінде депутаттардың жұмысын бақылайық» деп шығады. Сосын мұғалімдер комиссияға ақша жинамаймыз деп бас көтереді. Не болады сонда? Әділетті қоғам орнап кетеді. Бір-бірлеп өшіру оңай. Сондықтан араздастырып қояды. Осылай әлі 30 жыл отырамыз. Аяқтан тарту жүйесі жақсы «жемісін» беріп келе жатыр.
Сұхбаттың толық нұсқасы:
Жаңалықтар
- Жаттығу кезінде жарылған гранатадан зақым алған полицей ауруханаға түсті
- Биылғы түлектерге мектеп бітіру күнін қалай тойлайды?
- Қостанай облысында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды
- Гүлмира Сатыбалдаға қатысты алғашқы алдын ала тыңдау қалай өтті?
- Жылыой ауданында 100-ден астам отбасы бүлінген жылжымайтын мүліктерін бағалау қорытындысын алды
- Теңіздегі ұзақ мерзімді құрылыс нысанының бас мердігерінің басшылығы ауысты
- Мемлекет басшысы Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасын қабылдады
- ЕО Израильді Рафахтағы әскери операциясын дереу тоқтатуға шақырды
- Қарағанды әкімі қала маңында ілінген плакаттарды сынға алды
- Қазақстан мұнай өндіруді арттыра ма?
- Утиль алымға қарсы петиция екі аптада 12 мың қол жинады
- Алматыдағы Гагарин даңғылының бір бөлігі әншінің құрметіне берілуі мүмкін
- Гүлзада Сержанға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды
- ҰҚК академиясының түлегі «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясын басқарды
- Әйелі зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген қазақстандық дипломаттың ісі туралы айтылды
- Қазақстандық азамат шетелдік компаниядан 180 миллион доллар бопсалаған
- Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін
- Әбіләзовтың сыбайласы Бельгиядан Қазақстанға оралды
- Құлсары қаласының тұрғындары Жылыой ауданы әкімдігінің ғимараты алдында митинг өткізді
- Маңғыстау облыстық полициясы, ҰҚК, прокуратура басшылары отставкаға жіберілді