Лифттегі жараланған баланың жағдайы туралы дәрігерлер хабарлады

cover Фото: бейнеден скриншот

Лифтте бетінен бірнеше рет жарақат алған бес жасар балаға Астанада ота жасалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бала №2 көпсалалы балалар қалалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, операция жасалды.

Медицина қызметкерлері ұлдың жағдайын жарақаттары салдарынан ауыр деп бағалауда, алайда отадан кейін жағдайы тұрақталды.

Қазір бала тәулік бойы мамандардың бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар