Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған күдіктілер 8 жылға темір торға қамалды мүмкін

cover Фото: Нейрондық желі арқылы жасалған

Қызылордалық оқушы қызды жыныстық құлдықта ұстаған күдіктілерге прокурор 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады Orda.kz.

Қоғамда резонанс тудырған істі естігенде жұрт өре түрегелді. Қызылорда сотында жыныстық құлдыққа мәжбүрленген 16 жастағы оқушы қыздың ісі бойынша талқылау өтті. Оның сутенерлері өзінің сыныптастары болатын.

Сот отырысында прокурор іс бойынша тоғыз айыпталушыны 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Айыптамалық сотта тоғыз адам отыр, оның бесеуі кәмелетке толмағандар. Олардың үшеуі іс бойынша негізгі айыпталушылар – қыздың сыныптастары және бірінің туысы.

Оларға келесі баптар бойынша айып тағылып отыр:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабының 3-бөлігі – «Телекоммуникация желілерін пайдаланатын адамдар тобының кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартуы».
  • ҚР ҚК-нің 110-бабы – «Азаптау».
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы - "Бопсалау".

Қалған айыпталушыларға тек бопсалау (ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы) бойынша айып тағылып отыр.

Orda.kz редакциясы бірнеше ай бойы Қызылордада мектеп оқушысының жарты жыл бойы сексуалдық құлдықта болған оқиғасын мұқият бақылап келеді. Қызға зорлық көрсеткендердің арасында оның сыныптасы мен ең жақсы құрбысы бар болып шықты. Orda.kz қыздың анасымен сұхбаттасты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар