Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды: Ақтау портының президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Orda.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Абай Түлікпенбаевқа қатысты қылмыстық іске байланысты ресми мәлімдеме жасады. 29 мамырда Түлікпенбаев қамауға алынып, қазіргі таңда тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Комитеттің ақпаратына сәйкес, оған ҚР Қылмыстық кодексінің «Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша мүлікті тәркілеумен қатар, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салу қарастырылған.
Оның қамауға алынуы мұнайды контрабандалық жолмен тасымалдауға және елден заңсыз шығаруға әрекет жасалған «Мелиана» танкеріне байланысты болуы мүмкін. Бұл танкер «БатысНефтеТрэйд» ЖШС-не тиесілі.
Еске салайық, Ақтау теңіз портының президенті Абай Түлікпенбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
2023 жылдың шілде айында ҰҚК арнайы операция жүргізген болатын: күштік құрылымдар елден контрабандалық мұнай тасымалдап жатқан танкерді тоқтату үшін тікұшақ пен катер қолданған.
Жаңалықтар
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты