Қытайлықтар Алматыда қоқыстан қуат өндіретін зауыт салады
Фото: Айқын
2025 жылғы 29 тамызда Экология министрі Ерлан Нысанбаев қытайлық «Junxin Environmental Protection (Almaty)» компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды. Orda.kz хабарлауынша, шетелдік инвестор Алматыда қалдықтарды электр энергиясына айналдыратын зауыт салады.
Экология министрлігінің мәліметінше, кәсіпорын тәулігіне кемінде 1600 тонна қоқысты өңдеп, 60 мегаватт электр энергиясын өндіре алады. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 145 млрд теңге болады.
«Жоба жүзеге асырылған кезде қалдықтарды энергияға айналдырудың озық технологиясы қолданылады. Бұл технология зиянды заттар шығарындылары бойынша еуропалық стандарттарға сай. Автоматтандырылған зиянды шығарындыларды бақылау жүйесін орнату көзделген. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 уақытша, ал іске қосылған соң кемінде 120 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жергілікті мамандарды үнемі оқыту, оның ішінде Қытайға барып үйрену де жоспарланған», деп мәлімдеді министрлік.
Қытайлық Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен және олардан энергия өндірумен айналысатын экологиялық технологияларды енгізумен шұғылданады.
Өткен жылы компания Қытайда 3,2 млн тонна қоқысты қайта өңдеп, 1,4 млрд киловатт-сағаттан астам электр энергиясын өндірген. Қазір бұл инвестор Орталық Азия аумағында белсенді жобалар іске асыруда, соның ішінде Қырғызстанда үш жобасы бар.
Алматыда энергия өндіретін қоқыс өңдеу зауытының құрылысы туралы жоба бұған дейін, сәуір айында талқыланған болатын. Ол кезде Премьер-министр Олжас Бектенов Shanghai SUS Environment Co., Ltd компаниялар тобының басшысымен кездесіп, тәулігіне 60 мегаватт электр өндіретін және құны 270 миллион доллар болатын жобаны талқылаған.
Кейін, шілде айының басында, Hunan Junxin Environmental Protection компаниясының өкілдері Kazakh Invest төрағасының орынбасары Азамат Қожановпен кездесу өткізді.
Бұл – Қазақстандағы жалғыз жоба емес. Қытайлық кәсіпкерлер осындай зауытты Қарағандыда да салуды жоспарлап отыр.
Жыл басында Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланып, Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынатыны бегілі болды.
Қарағанды облысында сұрыптау желісі бар жаңа полигон салынып жатыр.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды