Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
Фото: milknews.ru
ҚХР-ның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь 2007 жылдан 2024 жылға дейін әртүрлі орындарда қызмет еткенде лауазымын асыра пайдаланған. Ол жалпы 268 миллион юаньнан (шамамен 38 миллион доллар) асатын қаржы иемденген, деп хабарлайды Orda.kz.
25 шілдеде шенеуніктің ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Экс-министр өзінің кінәсін мойындап, ісіне өкінді. Сот осыны ескере отырып, оның өлімін екі жылға кейінге шегерді.
Тан министрліктен бөлек, Оңтүстік Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары және елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы халық үкіметінің төрағасы сияқты қызметтерді атқарды. Ол сондай-ақ ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі басшылығының партиялық тобының хатшысы да болды.
Экс-министрге осы жылдың сәуір айында айып тағылды. Іс Чанчунь халық прокуратурасымен қозғалды. Ал тергеу өткен жылдың қарашасында басталып, желтоқсанда экс-министр қамауға алынды.
Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында көлік қозғалысы үшін Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көпір ашылды.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты