Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы: СІМ мәлімдеме жасады

cover

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтың Қытайда ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл адамның Қазақстан азаматтығын алғаны қызық. Бірақ бірнеше жыл бұрын Қытай азаматы болған кезде жол апатына ұшыраған. Алайда қарсы жақпен мәселені шешпей Қазақстанға кетіп қалды. Ол бұл жолы Қытайға келгенде жергілікті полицейлер одан бұл мәселені шешуін талап етті» деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Қазақстандық мәселені шешкен көрінеді, өйткені сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ер адам Қазақстанға оралды.

«Қазір ешқандай проблема жоқ. Қарсы тараппен мәселесін шешкен соң төлқұжатын алып кетіп қалды. Бірде-бір күн тұтқындау немесе зорлық-зомбылық болған жоқ. Қазір ол Қазақстанға оралды» деп қосты Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанда Азаттық Қытайға туыстарына қонаққа барған қазақстандықты жергілікті полиция ұстағанын айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар