«Қытай шекарасынан ұстады»: Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғамбай хабарсыз кетті
Фото: Azattyq
Қытайда туып, Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған Әлімнұр Тұрғамбай 23 шілде күні жұмыс бабымен Шыңжаңға кеткелі бері одан хабар-ошар жоқ. Қасында болған адамдар әйеліне «Қытай шекарасынан оны полиция ұстап әкетті» деп айтқан. Қазақстан мен Қытайдың ресми орындарына сұрау салған туыстары әзірге мардымды жауап алған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz Azattyq радиосына сілтеме жасап.
Қазақстан азаматының шекарадан ұсталғаны жайлы ақпаратты қазіргі кезде әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.
Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Гүлдария Шеризатқызы күйеуі Әлімнұр Тұрғанбайдың биыл 23 шілде күні Қытай шекарасына қарай өткелі тұрған кезде жіберген бейнежазбасын көрсеткен. Онда ол:
«Бұйырса, біз Қытайға кетіп бара жатырмыз, мінеки, мына SITRAK деген машинаны айдап барам. Міне, мына алаңқаймен кетіп бара жатырмын», – дейді бейқам, алаңсыз Әлімнұр Тұрғамбай.
48 жастағы Әлімнұр Тұрғамбай Қазақстаннан Қытайға жүк көлігін айдап барған. Тауар тиеп алып, кері қайтпақшы болған. Шекара асып, жүк таситындарға ақша көбірек төленетіндіктен күйеуім бұл сапарды көптен күтті дейді Гүлдария.
Әлімнұр бұған дейін Қытайға 2017 жылы барып келген екен. Бірақ ол кезде қолында Қытай паспорты болыпты. Содан бері шекарадан Қытай жағына алғаш рет осы жолы өтті дейді әйелі.
Гүлдарияның сөзінше, 23 шілде күні түстен кейін күйеуі өзі айдап барған жүк көлігін Қазақстан шекарасынан Қытайға қарай өткізгенін, енді өзі төлқұжат тексеретін жерден өткелі тұрғанын айтып хабарласқан. Содан бері Әлімнұр Тұрғамбай хабар-ошарсыз кетті. Жақындары алаңдап, ресми орындардың жауап беруін талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды