Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз

cover Фото: 24KG

Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанға қайтып келді. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігінің бас тергеу басқармасында тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz 24KG сайтына сілтеме жасап. 

Дәл қазір Қамшыбек Тәшиев ІІМ-нің бас тергеу басқармасы ғимаратында отырған көрінеді. Kaktus.media сайты бұрынғы ҰҚМК төрағасы елге бүгін ғана оралғанын мәлімдеді. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Тәшиев 17 ақпаннан бері елден тыс жерде болған.

Айта кетейік, ақпан айында Қырғызстан билігінде елеулі өзгерістер болды. 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылды.

Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың өзі қол қойды. Қамшыбек Тәшиев пен елдің қазіргі президенті Садыр Жапаров екеуі көпжылдық достар. Олардың жақсы қарым-қатынасы билікке келмей тұрып-ақ басталған.

2010-жылдардың басында екеуі бірнеше рет саяси процестерде бір тарапта болды. 2012 жылғы ортақ қылмыстық эпизодты бірге бастан өткерді. Ал 2020 жылы қазан оқиғаларынан кейін Садыр Жапаров президент қызметіне кірісті. Ал Қамшыбек Тәшиев ҰҚМК басшысы болып тағайындалды.

Қырғыз президенті сенімді серігін жұмыстан шығаруын саяси алауыздықпен байланыстырды. Президенттің айтуынша, Қамшыбек Тәшиевтің атын жамылған адамдар қоғамға іріткі салғысы келген. Нәтижесінде Жапаров досын лауазымынан босатқан. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар